Біздің шығармашылық



Тобық Жармағамбетовтың халық аңызы негізінде
 туған «Отамалы» әңгімесі, аза бойыңды тік
тұрғызып, оқушыны бірден баурап алады. Бас 
кейіпкер -  Отамалы қойшы. Жазушы, оның өмірі
арқылы ата-бабалардың сонау бір өткен азалы
 тіршілігінің әлеуметтік сипатын ашуға көп 
мүмкіндік берген.
«Отамалы» - этнографиялық әңгіме. Халық 
календарындағы бесқонақты халқымыз екінші 
сөзбен «Отамалы» деп атап бейімдеп аңызға 
қосқан.
Қандыағаш қалалық жасөспірімдер кітапханасы
«Отамалы» әңгімесінің желісі бойынша драмалық 
шығарма құрып, көрініс сәтті ойналып,
 көрермендердің көңілінен шықты.


Т.Жармағамбетовтың "Отамалы" әңгімесінен көрініс

Т.Жармағамбетов. Отамалы
(Көрініс)
  Кейіпкерлер:                            
    Жапан - қара мұртты бай.
    Отамалы - қойшы, жасы елулерде
    Әйел, бойжеткен қыз, кішірек он жастардағы қыз.

  Керек құралдар: киіз үй жабдықтары, ұршық, таяқ, зерен, ит, пышақ,шақпақ тас, қой-қозы 
макеті, т.б.
                                                                       1-көрініс
(Дала табиғаты. Қарғалардың шулап-қарқылдаған дауыстары естіледі.)
Сахнада киіз үй. Үйдің іші жиһазға толы. Төрде жамбастап бай жатыр. Қазан-аяқ жақта
 үлде мен бүлдеге оранған әйел мен екі қыз отыр. Бірі бойжеткен, бірі тоғыз-он жастағы кішірек қыз.
Үйге Отамалы кіреді. Төрде қара мұртты біреу зеренге мұртын малып шұбат ішіп отыр.
 Отамалыны көргенмен, көңіл аудармайды, жамбастап жатып сораптап жұта береді. Отамалы сусынды ішіп болғанша тыныш отыра береді.)
Жапан бай: (шұбатын ішіп болып, зеренді кішірек қызына ұстатып, мұртын
біраз сүртіп отырады.Содан кейін көзін қысыңқырай Отамалыға қарап...)  Отамалы намаздыгерде келмейтін...
Отамалы: Иә, байеке, Отамалы намаздыгерде 
келмейтін...(аз үзілістен кейін бөліп-бөліп) Бүгін Отамалы намаздыгерде келіп отыр
Жапан бай: Отамалы намаздыгерде етігін жамайтын,я қойын қайыратын. Қойларын түнгі өріске алып шығуға дайындайтын
Отамалы: Дұрыс, байеке. Намаздыгерде Отамалы
 етігін жамайды, байеке намазын оқиды, қарға ұясына кіреді. Бірақ бүгін Отамалы етігін жамаған жоқ.Бүгін кешке қарай қарға ұясыннга кірмей, қиналып біраз ұшты..Отамалыға киім керек. Ертең күн суық болады..Бүгін түн суық болады...
Жапан бай: Оны Отамалыға кім айтты?
Отамалы: Оны Отамалыға батып бара жатқан күн айтты
Жапан бай : Күн батып кетті ме?
Отамалы: Иә...
Жапан бай : Ендеше, Отамалы мазасызданбасын. Күн айтты да кетті, ал
 Отамалы қойын өріске айдап шығуы керек. Күн айтады да кетеді, ол түнде 
Отамалының қойын өріске айдасып апарып тастамайды.
Отамалы: Отамалының үйінде ештеңе жоқ. Отамалыға қалың тон керек.
Жапан бай: Отамалыға көктем берілді
Отамалы: Отамалыға тамақ керек
Жапан бай: Отамалыға жылы түн берілді
Отамалы: Отамалыға байпақты етік керек
Жапан бай: Отамалыға бусанған жер берілді
Отамалы: Отамалыға жақсы ат керек
Жапан бай: Отамалыға екі аяқ, бір таяқ берілді
Отамалы: (Отамалы осы кезде түнеріп қалады. Қастары көзін жауып, бірер
 сәттен кейін ғана жай дауыспен) Отамалы түнде қойларды өріске шығармайды.
 Отамалы қойларды күндіз жаяды
Жапан бай: Отамалыға мың жұлдыз берілді!
Отамалы: Жұлдыздарды бұлт бүркейді
Жапан бай: Отамалыға төбелер берілді
Отамалы: Төбелерді тұман бүркейді
Жапан бай: Отамалыға жыралар, сайлар берілді
Отамалы: Жыра сайларды қар жабады
Жапан бай: Отамалының жағына жылан 
жұмыртқалап, тамағына тышқан індесін!
Отамалы: Күн суық болады! Түн суық болады!
 Қойлар ығып кетеді. Отамалы қойларды өріске 
шығармайды!
Жапан бай: (Осы кезде көзі шапыраштанып) Қазірден бастап Отамалы қойға кетеді
Отамалы: (сәл үнсіздіктен кейін байға қарап) О, Жапан мен айтып болдым!
Әйел: (осы кезде ұршыған тоқтатып қойып, шап
 ете түседі) Ендеше, Жапан да болды! Айтты ғой, 
саған, Немене, тісіңді тіреу, жағыңды сүйеу қылып!
(Отамалы басын шайқап шығып кетеді)
(Музыка кету керек)


                                                  2-ші көрініс
Жүргізуші: Отамалы ауылдан ұзап та кетті.Түннің бірте-бірте суыта бастағаны 
белгілі болды.Отамалы қойларын жүгіргіштеп қайырып жүр.
(Сахнадағы дыбыстар: сынған бұта, тасқа тиген тұяқ тысыры, анда-санда ит дауысы шығады.)
 ( Отамалы бүрсеңдей түскен, жел бүйірінен өтіп 
барады. Есіл-дерті қойларды аман жеткізу)
Отамалы: - Күн айтып еді, ғой! (біраз қимылдан 
кейін) Қар!....(күбірлей) Қар!...Таң!...
(Отамалы сахнадан шығып, қайта кіреді. Адасқанын
 анық біліп, абдырай бастайды. Мұзды қар одан сайын жауып, ол одан сайын ентелей бастайды.)
Отамалы: - Лашығым көміліп қалды –ау (маңырасқан қой дауысы)
Жүргізуші: Отамалы кеше кештен бері тамақ ішпегенін еске алды, қызулықпен
 аштық туралы ойлаған да жоқ. Боранның басылатын түрі жоқ, маңай қарауытып,
 көз алдына бай үйі елестеді. Аяғын да қайыс-сірі жеп тастады.
Отамалы: (бетін уқалап,белбеуін тартыңқырап буып)
Жүргізуші: Қар жауып, боран борап тұр, жел 
тоқтатар емес. Отамалы өзінен әл кете бастағанын сезді.
Отамалы: Алда, жануарларым-ай!
Жүргізуші: Үшінші күн. Төртінші күнге жалғасты. 
Тағы жел, Тағы боран. Ащы аяз. Отамалы адасқанын анық білді.
Отамалы: (күрк-қүрк жөтеледі. Ішінен күбірлеп, бірдемелерді санай бастайды). «Қараша...желтоқсан..қаңтар...ақпан...наурыз...көкек...жұлдыздың...
Қыркүйек-көкек...Кешеден бері...бүгін...бүгін...тағы...Күйек алған уақыт-былтырғы қараша...» (бүкіл денесімен селкілдеп, дірілдеп кетеді. Ерні кемсеңдеп,түсі бұзылып) –Мына әлемет ақ боранда! Аязда!!! Бишаралар!
О,тәңірі сақтай көр! (айналада қатып жатқан қозыларға қарай)
-Алда,бишарам-ай! Сорлым-ай! Жарықтығым-ау енді 
не істейін?! (көз жасын ағызып жылайды) –О, Жапан бай! Айтпап па едім 
саған! Ашқарақ! Қарғыс атқыр! (жүгіреді)
Жүргізуші: Боран кешке дейін тоқтамады. Қойлар 
ығы берді, ыға берді.Бұл түнді Отамалы ұмытпайды.
Өзі туғалы өткен барлық түндерді қосқанда да мына 
түннің ұзақтығына жете алмас. Отамалының қолынан жан кетіп, таяғы түсіп 
қалғанын да сезбеді. Есеңгіреп, ойының ессіздігіне таңырқады. Бұл бесінші күн 
еді. Отамалыны көптен күткен үлкен сұмдық басталды.Қойлар жаппай қоздай 
бастады.
Отамалы: (бір қозыны көтеріп алып, икемсіз қолдарымен шекпеннің ішіне 
кіргізеді) О, Аспан! О, Көк тәңірі!.................О,Тәңір!  Желдің зулауын!(ерні 
кемсеңдей, көз жасын ағызады. Құшақтап тұрған қозысы құлап түседі, оны 
ұстап қалмақ болып өзі де құлайды, жерді сипалап қарманады)
Отамалы: (әрең түрегеліп) О,Жапан! Обалы 
жібермесін! ( теңселіп, мас адамдай тәлтіректеп, 
артында қатып жатқан қозыларға )( кенет аяқтарының 
әлі кетіп отыра қалады, есі ауып кеткендей..)
Отамалы: (бір мезгілде кеңкілдеп жылап жібереді,
 икемге келмейтін жансыз қолын, саусақтарын бүккісі
 келеді) -  Қайдасың, тас жүрек!Сұм боран! 
Буындырайын! Мойның қайда? (орнынан тұрмақ болады, бірақ қайта құлайды, 
алға ұмтылып, әрең түрегеледі)
Отамалы: О,Тәңір! Не істегенің? Не қылғаның? Көкек айы, сенің айдарың 
жұлынсын! Қарғыс атсын сені, Жапан бай! (тәлтіректеп) Уа, қаныпезер жел! Уа, 
тас жүрек боран! Басылыңдар! Қараңдар мына жануарларға! Қасықтай қандары 
жібермесін!
Отамалы: (ессіз айқайлайды) (одан бетер жел өршеленеді) 
Уа, Тәңір! Бармысың, жоқпысың! Тоқтат мына қарғыс 
атқандарды!( ортаға келіп, кеудесін жыртып жылап) Уа,
 Тәңір.Сен жоқсың! (еңіреп жібереді, жел одан сайын 
құтырынып азынайды. Бешпетін әрең  шешіп, желге ұшады,
 тымағы да ұшып түседі, етігін шешіп, шұлғауын сүретіп, 
жалаң аяқ қалады.)
Отамалы: Тоқтаңдар, иттер, тоқтаңдар! (айқайлап, алға, 
желге қарсы қанатын жайып, жүгіріп, бар жалаңаш денесімен құлап түседі)
                         
                                                              Соңы

Жүргізуші: Міне, аңыз осы жерден бітеді. Халық мұны былай жалғастырады.  
Сол Отамалы «Тоқтаңдар, иттер!» деп айқайлап құлап түскенде, кәрлі боранның
 омыртқасы күрт сынғандай жерге құлап түседі де, тұншығып өледі. Жел
 бойындағы бар күшінен айырылып, сай-салаға сіңіп кетіпті. Аспандағы бұлттар 
төбелердің баурайына соғылып қирап, етекке су болып сусып түсіпті. Күн қайта
 шығып, қарларды әп-сәтте ерітіп жіберген. Ал түнде Жетіқарақшы мен
 Темірқазық қайтадан орындарына келіп, бұрынғыдай селкілдемей, берік тұрып 
алыпты. Қойлар баурайда өскен қызғалдақтарға қозыларын жайып, кең даланың 
төсінде мәңгі бақи қалып қойыпты. Оларды қасқырлардан ит қорғапты. Ал бес 
күн соққан боранды халық «Отамалы» немесе «Бесқонақ» деп атап 
кеткен. Бұл қазақтың  даласында сонан бері жылда сол уақытта бір 
соғып тұрады екен.


Т.Жармағамбетовтың "Отамалы" кітабынан үзінді көріністі дайындаған: 
Г.Жанабергенова





Оқырмандар шығармашылығы


                                                  CАҒИҒА АРНАУ

Мен тағы алдарыңа жырлап келдім,
Сағидайын ақынды жорға ап келдім
Шабытымның шырқау шегін шөктірдім де,
Шыңға шыққан шынардай шыңдап келдім.

Көркемдік байқалады болмысында,
Әдеби шеберліктің жолы осында.
Жырын жаттап жүрегін ұғынамын,
Бір көріп, жаныңда бір болмасам да.

Үнсіз қалып толғанамын толған айдай,
Сырлы сөзі санамды ояр найзағайдай.
Бүгінгінің жүз жігітін жинасаң да,
Болар ма екен, бұрынғы бір Сағидай

Айтылып жүр той-думан кәдесінде,
Сан жырлары халықтың әлі есінде.
Бірнеше өлеңдерін оқып болып,
Тәнті болған біз түгел Әуезов те.

Мен бүгін тақырыптан бұрылмаймын,
Жыр арнап жаңалықтан жығылмаймын
Дана кеуде ақындардың ізін қуып,
Ардақтап ән арнаудан тығылмаймын.

Адалдықтың серкесін сойыңыздар,
Жамандықтың жоспарын жойыңыздар.
Егер менің айтқаным дұрыс болса,
Қане бір, қошеметтеп қойыңыздар!


 Өлеңді шығарған өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің
 студенті  Жолшара Архат
































Комментариев нет:

Отправить комментарий