23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне
арналған
« Кітап – мәңгілік елдің құндылығы» атты
мерекелік шараның сценарийі
23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған
Мерекелік шара жас оқырмандар тобынан құралған әдеби монтажбен ашылады. Ортаға жүргізуші шығады.)
Армысыздар қымбатты қоңақтар, кітап сүйер қауым,
кітапхана оқырмандары!
Мен оны құшып сүйем құшаққа ала.
Сәулесі кұн нұрындай жарқылдайтын,
Мен үшін қасиетті үй – кітапхана – дей келе бүгінгі 23 сәуір – халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған
« Кітап – мәңгілік елдің құндылығы» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Кітап - әлемде ешбір теңдесі жоқ ғажайып дүние. Кітап –білім қазығы, өмір азығы болса, кітапхана- халықты әлемдік өркениетпен таныстыратын, ұлттық болмысымызды әлемдік руханиятпен табыстыратын қасиетті орда, сана мен ойдың шамшырақ сарайы. Уақыт талабынан қалмауда, өмірдің ағымдағы жаңалығын жанымен сезінуде, естіп ой түюде, қоршаған әлемді танып- біліп, ішкі дүниесін өрістетуде, кітаптың маңызы өте зор. «Кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты»- деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, тарихтың небір құпиясы мен әлемдік ақыл- ойдың інжу- маржанын қойнына сақтап тұрған кітапхана.
Жүргізуші: Кітапты мәңгілік рухани азық деп таныған жандар, кітаптың келешекке адамзат баласының иманы жан тазалығының кепілі. Есте жоқ ескі заманда фәниден –бақиға өткелі жатқан кемел ойлы кемеңгер бір ғұламадан: «Халықтың қазынасы дегеніміз не?» деп сұрапты ел. Сонда, «Ол – кітап» - деп жауап беріпті ғұлама. Одан беріректегі ұлы Шекспир: «Кітап маған тақтан да қымбат» деген. Ал, бүгінгінің бірегей ұлы, Елбасымыз Н.Назарбаев «Кітап – ең сабырлы ұстаз»- дейді яғни, заман өзгеріп, жылдар өзгеріп, жылдар жаңғырғанымен, адамзат үшін кітап атты киелі дүниенің орны бөлек, бәсі қымбат қазына болып қала бермек.
Ауданымызда кітапханаға жиі қатынап, өз білімін тереңдете, қызығушылықпен кітап оқитын кітапқұмар оқырмандарымыз жылдан- жылға көбеюде, олар кітапханаларда өткізілетін барлық іс- шараларға атсалысып, белсенділік танытуда.
Қазір үлкен құрметпен, 23 сәуір- Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты сақтау күніне арналған мерекелік құттықтау сөзге және марапаттау рәсіміне кезек берелік.
ІІ. Мұғалжар аудандық мұрағат басшысы, «Қазақ тілі « қоғамының төрағасы Құрал Байсұлтановқа
ІІІ.Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының директоры Әлима Мәденқызы Ниязбековаға береміз.
Жүргізуші : Биыл жазушы Т.Жармағанбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр.Тобық Жармағанбетов – қазақ ұлтының кешегісі ғана емес, ертеңімен де қол ұстасып бірге кететін тұлға. Ол әдебиетке өзінің бөлек үнімен, нақышты суретімен, әр қилы сыры мол мінез жасау шеберлігімен, өз түсінігімен, білім – парасатымен келді.
Жүргізуші: 2011 жылдан бастау алған облыстық «Оқитын өлке» акциясы бойынша, биыл жазушы Тобық Жармағанбетовтың шығармалары таңдалынды. Бұл акцияның мақсаты оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи- мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, жастарға өлкенің ең үздік туындылары мен қаламгерлерін насихаттау болатын.
Ендеше, жазушы Тобық Жармағанбетовтың өмірі мен шығармашылығы туралы аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Аманкүл Қарашбаеваға береміз.
Жүргізуші: Өмір деген сағат қой ол тілімдей,
Жүрек тоқтап өзіме де білінбей,
Аға ұрпақтар сені білер- ел халық,
Еске алады туыс аға- інідей .
«Қазақ прозасының соңғы толқыны сан жағынан да, сапа жағынан да- дәстүрді жалғайтын жаңашылдықты, жас әдебиеттің іздемімпаз, өскелең келбетін таныта келді...Біздің әдебиетімізді ерекше байытқан, ерекше көркейткен, аса қуатты, мерейі үстем осы толқын өкілдері арасында «Екі жүрек», «Отамалы», Нәзік бұлттар» сынды алғашқы туындыларымен- ақ оқырманның назарын бірден жаулап, әдебиет әлеміне үнімен еніп, енді үлкен биіктерге қол соза берген шағында, «болашағы алда» дейтіндей, бергенінен берері көп шағында соңындағы мыңдаған жанашырларын - әдебиет жанашырларын өкіндіріп, тым ерте үзілген дарын иесі- Тобық Жармағанбетов еді.
Жазушы туралы естеліктерді бүгінгі шақырылған қонақтарымызға береміз.
1. Ардагер журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі - Қуаныш Кенжегалиев. Ағай сөз кезегі өзіңізде
2.Жазушының жерлесі, зейнеткер – Жұмабай Бейбіт Егдірұлы Жұмабай
3.Кітапхананың құрметті зейнеткері- Жанесова Ғалияш Мұқтарқызы
4.«Жастар» ресурстық орталығының басшысы - Әнуар Искарин
Жүргізуші:
Кітапты оқып, көсегесі көгерер
Осы жерде, бір- бір алып кемелер
Том- том кітап, бәрі үнсіз болғанмен,
Ішін ашсаң сөйлеп ала жөнелер!.
Өмірге ғашық, жалынды жүрегі өмір күйін шертіп өткен сондай аяулы азаматтың бірі – жазушы тобық Жармағанбетов. Ол әдебиет әлемінде жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, беретінінің бестен бірін бере алмай, ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар асылы бойында кетті.Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды.
Т.Жармағанбетовтың шығармалары облыс, аудан көлемінде оқылып, оған барлық ниеттенген оқырмандар осы тақырыпты талқылап, шығармаларының құндылығын түсінуде.Енді шарамыздың осы екінші бөліміне тоқталып, кезекті Т.Жармағанбетовтың «Нәзік бұлттар», «Отамалы» шығармаларын талдауға береміз.
(кітапты кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар талдайды. Ал, кезек өздеріңізде)
Жүргізуші: Сонымен , «Нәзік бұлттар» повесінен біз Теміржан, Күнсая, Ілия сияқты жастарымыздың арманшыл, батыл, ер тұлғасын көрдік,. Олардың нәзік сезімнің куәсі болдық. Дархан даламыздың сұлу көркімен сусындадық.
Жүргізуші: Жазушының келесі шығармасы «Отамалы» -этнографиялық әңгіме. Халық календарындағы бесқонақты халқымыз екінші сөзбен « Отамалы» деп атап, кәсіпке бейімдеп аңызға қосқан.
Олай болса, жазушының «Отамалы» шығармасынан шағын көрініс.
Жүргізуші: Кетсең де қалды шуағың,
Шығармаларың – бұлағың.
Өшпейсің әр кез естесің,
Сөздерің тасқын, тың ағын,-деп Тобық Жармағанбетов шығармалары өзінің жастық сезім- серпінімен, шынайы сыршылдығымен, терең де салиқалы азаматтық мазмұнымен әрдайым оқырмандар қауымның ықыласына бөленген. Ол дүниеден кетсе де, мыңдаған оқушыларының, достарының, туғандарының , оқырмандарының мәңгі көңілінде. .Шығармалары-өзі болып жүреді,өзі болып өмір сүреді.
Олай дейтініміз, өздерің көріп, куәсі болғандай жазушы арманы орындалып. шығармалары бүгінде жаңартылып, өңделіп « Ақтөбе кітапханасы» сериясымен көптеп шығарылып, жерлес оқырмандарының қолына тиіп, бүгінде облыс, аудан кітапханаларында насихатталып жатыр.
Облыстық «Оқитын өлке» акциясы бойынша таңдалынған Т.Жармағанбетовтың шығармалары бойынша бүгінгі «Кітап- мәңгілік елдің құндылығы» атты мерекелік шарамызды аяқтай отырып, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, акцияға атсалысқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіре отырып, кітапхана оқырмандарын Тобық Жармағанбетовтың шығармаларын оқуға шақырамыз.Келесі кездескенше сау – саламатта
болыңыздар!
Комментариев нет:
Отправить комментарий