Бейнетаспа



   Акция кезінде тұрғындар арасында Сағи Жиенбаевтың көзін көрген қария- мемлекеттік қызметтің  ардагері  Аман  Қалиұлы Шунимовты кезіктірдік. Ол жастарға ақын Сағи туралы жылы лебіздері мен естеліктерін айтып, өлеңдерін қызықтыра оқып берді. Қалған жастар тобы да оның өлеңдерін кезектесе оқыды.



 Бір сағатқа созылған акция барысында ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Бұл шараның жастар үшін кітап оқуына қызығушылығын арттыруда маңызы зор болды.




Сыршыл ақынның аға-бауыр, сәби, дос-туыс жайындағы бір алуан өлеңдері адал қарым – қатынасты еске салып, кінәратсыз достыққа шақырып тұрғандай. Оның «Бауырлар» атты өлеңіне зер салсақ, ауылдағы қой бағып жүрген екі баланың ауа – райының қатал кезеңіне, көз аштырмайтын боранға тап болып бірін-бірі сүйрелеп, қайткенде де ағасы үлкендігін жасап өзі құрбан болып, інісін аман алып қалады. Осындай өкінішті оқиғаны аяулы бір тебіреніспен жырлаған  ақын,  өлеңінде  жас ұрпақты бауырмалдыққа, үлкен мейрімділікке шақырады.
С.Жиенбаевтың «Бауырлар» өлеңін оқитын  қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Г. Жанабергенова.

1 комментарий:

  1. Бізге ұнады. Тәрбиелік мәні өте зор. Осындай бейнетаспалар арқылы оқырмандар Сағи Жиенбаевтың өлеңдерің тыңдап, таныс бола берсін. Жаңа жыл құтты болсын!Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

    ОтветитьУдалить